СҚО-да макарон өнімдерінің бағасы 20% арзандады. Бұл облыстық экономикалық тергеу департаменті мен әкімдіктің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болған. Өйткені, осыған дейін Петропавлда белгілі бір макарон өнімдерінің түрі 450-490 теңгенің маңайында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген тексеріс жұмыстары барысында 2-3 үлестес делдал анықталды. Бұл тауар бағасының өсуіне әсер еткен. «Уәкілетті орган өндірушінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді. Тарап хабарламаны толық көлемде орындады», – деп түсіндірді СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған осы өндірушінің макарон өнімдері 490-нан 355 теңгеге дейін арзандады.
СҚО-да делдалдардың арқасында макарон өнімдерінің құны өсіп кеткен
17 марта 202317 мар 2023
~1 мин