Олег Александрович Иванов Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолын да осы жерде бастаған. Ол өзінің шағын бизнесін ашқан. Қазір Олег Иванов «Горгаз-Сервис» ЖШС-н басқарады. Азамат өңірде қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуге болатындығын жақсы біледі, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі. Биыл кәсіпкер жерлестерінің өмірін жақсартуға көмектесу үшін маңызды шешім қабылдаған. Олег Иванов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер. «Өзгеріс емес, жақсарту». Бұл менің сайлауалды бағдарламамның ұраны. Біздің халқымыз 1985 жылдан бері өзгеріс жағдайында өмір сүріп келеді. Бұл дегеніміз, өмір ережелері белгілі бір адамдарға немесе жағдайларға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Мен халықтың адамымын, күн сайын тұрғындармен сөйлесемін және адамдардың өзгеруден шаршағанын байқадым. Биліктегілер қарапайым халықтың өмірін өзгертуге емес, жақсартуға ұмтылуы тиіс. Адамдар тұрақтылық пен күннен күнге өмір сүру деңгейі жақсарғанын қалайды. Соңғы 30 жыл ішінде әртүрлі салалард
Олег Иванов: Биліктегілер қарапайым халықтың өмірін өзгертуге емес, жақсартуға ұмтылуы тиіс
16 марта 202316 мар 2023
2 мин