Соңғы уақыттары солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитовтің жетістіктері жайлы жиі айтылып жүр. Жуырда ол Солт-Лейк-Ситидегі Солдат Холлоу шаңғы базасында өткен әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Бұдан бөлек, Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында алтын мен 2 қола жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетсек, осы уақытқа дейін мұндай жетістікке ешбір теріскейлік жеткен емес. Бірақ Ерболдың жоспарлары ауқымды. Ол бұдан да биік белестерді бағындыруға ниетті. Оны Qazaqstan Media тілшісімен сұхбаттасқан спортшы жеткізді. Эстерсунд қаласында өткен кубокке 18 елден 102 спортшы қатысты. Ербол Хамитов сайыста 2 қола мен бір алтын жүлдеге ие болды. Жерлесіміз Бейжіңдегі олимпиада ойындарынан кейін бұл әлем чемпионатында үздік атану үшін бар күш-жігерін салғанын айтады. «Қаншама жаттығу жұмыстары жүргізілді. Спорт басқармасының қолдауымен шет елдерде бірнеше оқу-жаттығу жиындары болды. Ондай шаралардың маңызы өте зор. Осылардың арқасында Эстерсунд