Елімізде дәрі-дәрмектің құны 13,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша медициналық өнімдердің бағасы 1,2%-ға қымбаттаған. Ал 1 жылда дәрі-дәрмек құны 13,6%-ға өсті. Айта кетсек, бұл соңғы 6 жылдағы ең жоғары жылдық өсім болып табылады. Біздің өңірде медициналық заттардың бағасы 15,4, Қызылорда облысында 15,3, Алматыда 21,2%-ға қымбаттады.