Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Бұл жайында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Үстіміздегі жылы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді. «Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады»,-деді Наурызбай қажы Тағанұлы.