Оңтүстіктен біздің өлкеге көшіп келген отбасының жайылым жерлерін заңсыз тартып алуда. Бұл мәселе СҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Арыстан» шаруа қожалығының иелері 2019 жылы ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскесін 6 жылға жалға алған. Кейін несиеге мал мен техника сатып алыпты. «Шаруа қожалығында 5 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз еттік. Олардың орташа жалақысы 170 мың теңгені құрайды. Өзіміздің тарапымыздан жасалуы тиіс шаруаны толықтай орындап келеміз. Ауыл тұрғындарын жеңілдетілген бағада шөппен қамтамасыз еттік. Енді сиыр өсіріп, ісімізді одан әрі дамытамыз ба деп отырғанда жерді қайтаруымызды сұрайды», – дейді «Арыстан» шаруа қожалығының өкілі Азамат Абдрахманов. Есіл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Евгений Губаның сөзінше, дау өткен жылдың мамыр айында басталған. Петровка ауылында тұратын азаматтардың бірі аудан әкіміне мал жаю
СҚО-да фермердің жайылымдық жерлерін заңсыз тартып алуда
15 марта 202315 мар 2023
2 мин