ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері №4 орта мектебінде сыныптастарын жарақаттаған оқушының психологиялық жағдайына байланысты неліктен үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мамандар еліміздің «Білім туралы» Заңында әрбір адам зияткерлік дамуына, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің бүкіл деңгейіне қол жеткізуге құқылы екенін қаперге салды.
«Психологиялық және іс-әрекеттегі ауытқулар үйден оқу қарастырылған аурулар тізіміне енгізілген (ҚР ДСМ-34 бұйрығы). Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, оқушының ата-анасы білім мекемесіне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын ұсынбаған», – деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар, мамандар баланың ауруы бар-жоғы анықталған кезде оны үйде оқытуға дәрігерлік-консультативтік комиссия жіберетіні, бұл норма «Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №34 бұйрығында көзделгені айтылғанын хабарлады.