Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы асыл тұқымды қойлар асыраумен айналысатын «Қуанышты Мықтыбаев» шаруа қожалығында ет-май өнімділігі бағытындағы ең ірі салмақтағы қой еліміздің рекордтар кітабына енді. Оның салмағы – 230 келі, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі. Аталған жетістік 16 ақпан күні тіркелген. Рекордты салмақтағы қошқарды ресми түрде тіркеп, тексеру үшін КИнЭС рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы келген. Маманның сөзінше, ол мұндай қойды бұрын-соңды еш жерден көрмеген және бұл Қазақстанның ғана емес, әлемнің рекордтар кітабына сұранып тұрған нәтиже.
Продолжение у нас на сайте
#agroqogamkz #agro #agronews