Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Қазақстан халқы қартаюда

Біздің елде халықтың қартаюы байқалады. Өткен жылдың басында 65, не одан жоғары жастағы нәзікжандылардың үлесі 10%-ға жетті. Ал 10 жылда ол небәрі 8,2%-ды құрады. Осы уақытта 65-тен асқан ерлердің үлесі 4,8-ден 6,1 пайызға дейін өсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. БҰҰ болжамына сүйенсек, елімізде қарттықтың демографиялық ауыртпалық коэффициенті ұлғаяды. Мысалы, былтыр бұл коэффициенттің мәні 12,9 %-ды құраған. 2025 жылға қарай арақатынас – 14,1, 2030 жылға қарай — 15,9, 2040 жылға қарай — 17,1, 2050 жылға қарай 19%-ға жетеді. Айта өтсек, халықтың жалпы санындағы егде жастағы жандардың үлесінің көбеюі әлемнің барлық дерлік елдерінде байқалады.

Біздің елде халықтың қартаюы байқалады. Өткен жылдың басында 65, не одан жоғары жастағы нәзікжандылардың үлесі 10%-ға жетті. Ал 10 жылда ол небәрі 8,2%-ды құрады. Осы уақытта 65-тен асқан ерлердің үлесі 4,8-ден 6,1 пайызға дейін өсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

БҰҰ болжамына сүйенсек, елімізде қарттықтың демографиялық ауыртпалық коэффициенті ұлғаяды. Мысалы, былтыр бұл коэффициенттің мәні 12,9 %-ды құраған. 2025 жылға қарай арақатынас – 14,1, 2030 жылға қарай — 15,9, 2040 жылға қарай — 17,1, 2050 жылға қарай 19%-ға жетеді. Айта өтсек, халықтың жалпы санындағы егде жастағы жандардың үлесінің көбеюі әлемнің барлық дерлік елдерінде байқалады.