Найти тему
Qazaqstan Media

Қазақстанда телефон коды өзгеруі мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді. Енді нөмірлер +77-ден басталмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Біздің қазіргі нөміріміз +7-ден басталады. Бағдат Мусин енді +77 деп бастауды ұсынып отыр.

«АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен осы мәселені тағы да талқыладық. +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған. Алайда, оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді», – деді Бағдат Мусин.