Пара ретінде 300 литр жанармай берген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының экс басшысына 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында аудиторлық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде бірқатар бұзушылық анықталды. Мемлекеттік мекеменің экс басшысы Алмаз Қошманов болса бұл деректерді жасырмақ болған. Осылайша тексеру комиссиясының мүшесіне 300 литр көлемінде А92 маркілі жанармай берген. Кенжеболатов болса алған талондардың басым бөлігін жұмсап үлгерген. Жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру комиссиясының мүшесі осы схема бойынша бірнеше рет «олжалы» болғанын дәлелдеді. Айыртау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығынан да 2,5 млн теңге сыйақы алғаны анықталды. Парақор 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды. «Алмаз Қошманов бұл келісімге келгеннен кейін пара ретінде берілетін 300 л
СҚО-да бірнеше мәрте пара алған мемлекеттік мекеме басшысына айыппұл салынды
14 марта 202314 мар 2023
1 мин