Қыркүйектің бірінен бастап колледжде оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі нысандарда оқитын жастардың мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге шәкіртақы төленеді.
Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының жақсаруына әсерін тигізеді, – делінген қаулының түсіндірме жазбасында.