Футболдан Қазақстан премьер лигасының 2 -ші туры аясында жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы жергілікті аяқдопшылар атакенттік «Мақтаарал» футбол клубымен ойнады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ жерлестеріміз ширақ қимылдады. Әсіресе,оң қапталдан айып алаңына асырылған доптар қарсылас командаға тыным бермеді. Ойынның 24-ші минутында «Qyzyljar» футбол клубының шабуылшысы Максим Чиканчи есепті ашты. Осылайша, Әли Әлиевтің шәкірттері 3 ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестеде 6 ұпаймен 5-ші орынға жайғасты. Айта кетейік, ел біріншілігінің кезекті ойынын қызылжарлықтар наурыздың 15-і күні сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубына қарсы өткізетін болады.