Елімізде келесі жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға қаражат жиналып отырады. Қаржы министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында бөлінеді. Кәмелеттік жасқа толғанша баланың шотында шамамен 3,5 мың АҚШ доллары болуы мүмкін. Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ескере отырып, тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін. Жоба қолға алынғаннан кейін шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылмақ. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарына шартты түрде қаражат есептелетін болады. «Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болс