Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да екі аптадан бері 27 жастағы жігіт іздестірілуде

Петропавлда 27 жастағы Ғизат Бірімжанұлы Ысқақовқа іздеу жарияланды. Ер адам 8 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Qazaqsran Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері әлеуметтік желіде 1995 жылы туған Ғизат Ысқақовтың жоғалғандығы туралы жазбаны жариялады. Ер адам Петропавлдағы 19-ыншы шағын ауданда, Жуков көшесі, 40 үйде тұрады. 8 наурызда ешкімді ескертпестен пәтерден шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ. Оның бойы 170 см, орташа денелі, қой көзді, қысқа қара шашты. Өзімен бірге жеке куәлігін және банк картасын алып кеткен. Ғизат Ысқақовты көрген-білгендер болса, 8 777 307 99 658 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.