2023 жылы Қазақстанда 18 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,5%-ға көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қолданысқа берілген тұрғын үйлер саны бойынша Алматы қаласы көш басында тұр. Одан кейін Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары жаңа пәтерге көшті. Ал біздің облыс (-28,1%), Ұлытау облысы (-25,7%) және Астанада (-0,1%) тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы байқалады. Осы жылдың екі айында 4 568 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 178-і – көпқабатты, 4374-і – жеке үйлер және 16 жатақхана. Айта кетсек, ел бойынша құрылыстың нақты құны 1 шаршы метрге 172,3 мың теңгені құрайды.