Бүгіндері елімізде 2 млн 300 мыңға жуық зейнеткер бар. Жыл басталғалы бері оларға 549,3 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адамға жеткен. Жыл басталғалы оларға республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге.