Қазіргі уақытта сұлулық әлемінде тырнақты гельмен бояу трендке айналып, қыз-келіншектер арасында үлкен сұранысқа ие. Мұндай маникюр ең алдымен уақыт үнемдейді әрі ұзақ сақталады. Дегенмен гель жабынын жиі қолдану денсаулыққа зиян келтіреді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Гель әдеттегі лакка қарағанда төзімді келеді және тырнақ пластинасында бірнеше апта бойы сақталады. Гель жабыны кәдімгі лак сияқты ауада өздігінен кеппейді, оны міндетті түрде LED шамының астында ұстап, кептіру қажет. Гельді кетіруге 10-15 минутқа дейін уақыт жұмсалады. Маникюрдың бұл түрі қалта көтерерлік және әдемілігін ұзаққа дейін сақтайды. Бірақ көпшілік оның оң тұстарынан басқа зиянды жақтары барын біле бермейді. «Гель жағып, кептіргеннен кейін түзетулер енгізу мүмкін емес, не сол күйінде жүру керек, не бәрін бірден алып тастау қажет. Артықшылығы, жағымсыз иісі жоқ, маникюрдің үш аптаға дейін сақталуы, әдемі жылтыр түсінің болуы. Жалпы гель жабыны акрилге қарағанда төзімді және икемді деп саналады», – д