Солтүстікқазақстандық Александр Герлиц пара шаңғыдан Азия кубогында жеңіске жетті. Жерлесіміз 10 шақырым қашықтықты 24:13,9 секундта бағындырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Пара шаңғыдан Азия кубогы Жапонияның Саппоро қаласында өтті. Онда 7 мемлекеттің 50-ден астам спортшысы қатысты. Нәтижесінде, теріскейлік Александр Герлиц 10 шақырымды 24:13,9 секундта бағындырып, үздік атанды. Ал екінші мен үшінші орындар жапондық Каваиоке Тайкиге мен Нитта Иошихироға бұйырды.