Қасиетті Рамазан айында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің өкілдері теміржол вокзалында намазхана ашпақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Ғибадат үйінің қызметкерлері теміржол вокзалының басшылығымен сөйлесіп, ғимараттың екінші қабатында арнайы бөлмені намазхана етіп жабдықтауда. Бұл жерде әсіресе түнгі уақытта жол жүріп бара жатқан, намазын бұзбай, Аллаға сиынып, дұға оқитын азаматтар мұсылман парызын еш қиындықсыз орындай алады. Сонымен қатар, діни және мәдени бұзушылықтарды болдырмау үшін намазхана бейнебақылау камерасымен да қамтамасыз етілмек. «Қазіргі таңда намазхананың құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Дегенмен, бөлме дайын. Ішін сырлап, қажет заттар сатып алынды. Бұл игі іске айтарлықтай қаржы жұмсалмады. Қаржының барлығы мешітке келуші жамағаттан қалдырылған садақадан алынды. Намазханада бір мезетте 4-5 адам кіріп дұға жасай алады. Арнайы дәрет алатын бөлмесі де бар. Намаздың кестесі ілініп, тәртібі белгіленген құжат та болады. Ең бастысы тәртіп бұзылмаса екен деп тілейм