Наурыздың 25-і елімізде «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтеді. Оның аясында шараға қатысушы мекеме мен кәсіпорындар бір сағатқа электр қуатын өшіреді. Акцияның басты мақсаты – ғаламдық климаттың өзгеру проблемасына назар аударту, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Экологиялық акция дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлем бойынша өткізіліп келеді. Игі дәстүрге жылда 180-нен аса мемлекет пен 7 мыңға жуық қала қатысады. Аталмыш іс-шараға Қазақстанда 14-ші жыл қатарынан белсенді қатысуда. СҚО-нан экологиялық проблемаларды шешуге 2-ЖЭО, «Севказэнерго» АҚ, «Изолит», «Радуга»,«Қызылжар су» сынды ірі кәсіпорындар өз үлестерін қоспақ. Сөйтіп, 25-ші наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін аталған компанияларда электр қуаты болмайды.