Петропавлдықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20% арзанырақ сатып алуда. Облыс орталығында «Наурыз жәрмеңкесі» өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бүгін М. Жұмабаев көшесі бойында ауқымды шара өтіп жатыр. Наурыз мерекесі қарсаңында мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Тұрғындарға Петропавл қаласы мен 13 ауданнан келген 100-ге тарта кәсіпорын өз тауарларын ұсынуда. «Ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге 3 тонна қара мал, 700 келі қой, 500 келіден астам шошқа және 3 тоннаға жуық тауық етін әкелді. Тағы 5 тонна картоп пен 10 тоннадан астам жем-азық жеткізілді. Сауда сөрелерінде «Ростан» кәсіпорынының ірімшік, май сынды өнімдерін де көруге болады. Олар 1 тоннаға жуық тауар әкелді», – деді Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев. Сатылып жатқан тауарлардың бағасы нарықтағыдан 15-20% арзан. Сондықтан сапалы, әрі табиғи таза өнімді аламын деушілер қатары қалың болды. Тұрғындар дән риза. Олар мұндай шаралар
Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
11 марта 202311 мар 2023
1 мин