Бүгінгі таңда өңірімізде кадр тапшылығы мәселесі өткір тұр. Облысымызда құрылысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Сол үшін «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған жастарды біздің облысқа тарту керек дейді Әлфараби Мыңбай. Қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткер қыз-жігіттердің ынтасын ояту үшін біршама іс-шараны қолға алмақ ниетте, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Әлфараби Мыңбай өңірімізге «Серпін» бағдарламасы бойынша келген жастардың бірі. Оңтүстіктің тумасы теріскейде жоғары оқу орнын тәмамдап, қазір осында еңбек етуде. Сөзінше, аталған жоба арқылы білім алған шәкірттердің барлығы бірдей солтүстікте қала бермейді. «Қыз-жігіттердің аққайыңдар өлкесінде қалуы үшін оқу барысында облысты аралату керек деп ойлаймын. Ауылдарға апарып, өңірдің тамаша табиғатын көрсету қажет. Осылайша, жастарды ынталандыруға болады. Бұл тұста өзімнің жинаған тәжірибем бар. Оны аймақты дамыту жұмыстарына жұмсайтын боламын», – дейді Әлфараби Мыңбай. Қазіргі уақытта балалардың күн ұзаққа