Петропавлдық Варвара Глухова наурыздың 1 мен 3-і аралығында Ресейдің Кемерово қаласында өткен «Азия балалары-2023» II қысқы ойындарында алтыннан алқа тақты. Конькимен жүгіруден бағын сынаған 14 жастағы жерлесіміздің бұл алғашқы халықаралық додасы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Варвара Глухова конькимен жүгіру спортымен 10 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін де түрлі жарыстарда СҚО-ның намысын қорғаған бойжеткен Кемеровода өткен чемпионатқа 4 айға жуық уақыт бойы қызу дайындалған. Жаттығудың басым бөлігі Астана қаласында өткен. Дүбірлі додада Варвара 4 минут 58 секундта 3 мың метрді конькимен жүгіріп өтті. Бұл көрсеткіш қыздың жеке рекорды. Осылайша, қарсыларстарынан басым түсіп, халықаралық аренада алтыннан алқа тақты. «Жалпы Қазақстаннан жарысқа 10 спортшы бардық. 5 ұл және 5 қыз. Алғашында топтық жүгіру болды. Ол жерде өкінішке орай тек 5 орыннан көріндік. Алайда жеке жүгіруде жақсы нәтиже көрсетіп, алтынды жеңіп алдым. Қуанышымда шек болмады. Жаттықтырушымды құшақта
Солтүстікқазақстандық жас спортшы «Aзия балалары-2023» II қысқы ойындарында алтын медальға қол жеткізді
9 марта 20239 мар 2023
1 мин