ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов биыл қаңтарда қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың өлімін тексеру іс-шараларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, “ҚазАқпарат” халықаралық агенттігіне сілтеме жасап. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты деректі тіркеу және осы бойынша қылмыстық іс қозғау жайында сұрады. «Елімізде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі аясында деректер қамтылады. Осы орайда кез келген арыз тіркеледі. Адам өліміне қатысты қатысты арнайы зерттеулер мен сараптамалар қамтылады», – деді М. Ахметжанов. Оның айтуынша, аталған іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеледі. «Ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде бар. Ол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, сондай-ақ өлім себебін анықтау мақсаты
Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалмады – министр
9 марта 20239 мар 2023
1 мин