Найти тему
Qazaqstan Media

Петропавлда тұрғын үйді жалға алу бағасы 49%-ға өсті

Қазақстанда баспана сатып алу мен үйді жалға алу тағы қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы жылдың ақпаны мен биылғы ақпан айларының аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% қымбаттады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 33,8% өсті. Баспананы жалға алу құны Көкшетауда – 53,7%, Қостанайда – 51,9%, Алматыда – 49,6%, Петропавлда – 49,3%-ға қымбаттады.