ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға 10 күн қалды. Маңызды шараға облыс бойынша 556 кандидат қатыспақ. Олардың 325-і ер адам болса, қалған 231-і әйелдер.Үміткерлерге дауыс беру үшін облыс бойынша 631 сайлау учаскесі жұмыс істемек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Биылғы сайлау жаңашылдықтарға толы. Осы жылдан бастап Парламент жұмысына да өзгерістер енгізілген. Енді заң жобаларын мәжіліс қабылдап, сенат мақұлдайды. Жаңадан жасақталатын мәжілісте мандат саны 9-ға қысқарып, 107-ден 98-ге дейін азаяды. Ал СҚО бойынша ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлануға 13 кандидат ұсыныс білдірген. Алайда, олардың екеуі конституциялық заңға сәйкес декларациялауда қате жібергендіктен кандидат ретінде тіркеуден алынып тасталыпты. Қазіргі уақытта аталмыш үміткерлер сот арқылы өз құқықтарын қорғауда. «Биылғы сайлау 2004 жылдан бері алғаш рет пропорцианалды мажоритарлық жүйемен енгізіліп жатыр. Яғни, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы пропорц