Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Уәлиханов ауданында «Гүл сыйлайық әйелге» атты акция ұйымдастырылды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында ерекше акция өтті. Жастар әйелдер қауымына гүл сыйлап, оларға деген өздерінің ыстық ықыластарын білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Гүл сыйлайық әйелге» атты акция Уәлиханов ауданында жылда өткізіледі. Биыл да дәстүрден жаңылмаған жастар аудан орталығының орталық көшелеріне шығып, қыз-келіншектерге деген өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Акцияның басты мақсаты – нәзікжандыларға жақсы көңіл-күй сыйлау болды. Бұл міндет орындалған да сияқты. Қызғалдақ гүлін алған әйелдер қауымы өз таңданыстарын жасырмады. Олар жастарға деген өздерінің алғыстарын жаудырды.

-2
-3