«Top 10 VPN» технологиялық компаниясының мәліметінше, Қазақстан интернетті жиі өшіруден үшінші орын алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Интернетті бұғаттағаннан елімізге 400 миллион доллардан астам экономикалық шығын келген. Қазақстандағы интернетті өшіру фактісі 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты. Бізден кейін Мьянма мемлекеті тұр. Ол былтыр интернет ең ұзақ уақытқа үзілген елдердің бірі. Халық 17 сағаттан астам уақыт бойы интернетсіз отырған. Эфиопияда да былтыр 9 000 сағатқа өшірілді. Бұл тізімде Ресей Федерациясы көш басында тұр. Келтірілген шығын 21,6 миллиард долларды құрайды.