Найти тему
Qazaqstan Media

Мерекеде ХҚКО-ның жұмыс істеу тәртібі өзгереді

8-наурыз бен Ұлыстың ұлы күнін тойлайға байланысты еліміздің ХҚКО-лары мен арнайы ХҚКО-ларының жұмыс кестесі өзгереді. Бұл жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Наурыздың 7-сі, 9-ы және 10-ы күндері орталықтар әдеттегідей штаттық режимде жұмыс істейді. Сенбі, 11 наурызда кезекші орталықтар азаматтарды түскі 1-ге дейін қабылдайды. Әдеттегі күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы – 9:00-ден 18:00-ге дейін. Ал кезекші орталықтар 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.