Найти тему
Qazaqstan Media

Республикалық жолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты облыста бірнеше республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қар жауып, боран соғуына байланысты автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелді. 7 ауданда облыстық маңызы бар 22 учаске жабылды.