Өңірде есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында «Арнайы ұйымдарды жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы аясында бірқатар кабинеттер жаңартылды. Игі іс «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қордың бастамасымен іске асырылған. Жалпы бағдарлама аясында облыс аумағындағы 7 арнайы мектеп жабдықталмақ. Бұған қор 160 млн теңге қаражат бөліп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Бүгінгі таңда есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында 100-ге жуық бала тәлім алады. Білім ордасы арнайы ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Солардың бірі – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры. Олар қайырымдылық бағдарламасы аясында мектеп ішіндегі кабинеттерді білім алуға қолайлы етіп жаңартып берді. Бұл мақсатқа қоғамдық қор 33 млн теңге қаражат бөлген. Осылайша, мектеп-интернат кабинеттерінде заманауи компьютерлер, арнайы интерактивтік тақталар сондай-ақ, балалардың есту, сөйлеу қабілеттерін қалпына келтіруге көмектесетін соңғы үлгідегі жаб
СҚО-да «Қазақстан халқына» қоры ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеті арнайы мектепті жабдықтайды
6 марта 20236 мар 2023
1 мин