Найти тему
Qazaqstan Media

Елімізде несие алғандардың саны көбейді

Биыл елімізде жеке тұлғаларға берілген несие мөлшері 14,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 0,7% өсім тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кредиттеудің өсуі ипотекалық кредиттеудің 4,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сонымен қатар тұтынушылық қарыздардың 0,6%-ға яғни, 7 трлн теңгеден астам сомаға дейін өсуіне байланысты. Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдайға сәйкес банк секторы бойынша 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар деңгейі жалпы несие портфелінің 3,4%-ын немесе 824 млрд теңгені құрады.