Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, “ҚазАқпарат” халықаралық агенттігіне сілтеме жасап. СҚО сотының мәліметінше, 2 наурыз күні облыстық соттың аппеляциялық алқасы прокурордың аппеляциялық өтінішімен К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады. Сотталған Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М-дан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Шенеунік бюджет қаражатын оған мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деген К. қылмыс орнында ұсталды. Петропавл қалалық соты оған ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде, яғни 3 млн теңге айыппұл салуға үкім шығарды. Бұл үкіммен прокурор келіспей, апелляциялық өтініш берді. Қадағалаушы орган үкімнің тым «жұмсақтығын» айтып, К-ға тағайындалған жазамен келіспеді. Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот К-нің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай деп он