Найти тему
Qazaqstan Media

Доллар арзандауда

Теңге қымбаттап, керісінше, доллар арзандауда. Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінде 1 доллар құны – 431,08 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,72 теңге. Ал кеше кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 47 теңгеге төмендеп, 431, 06 теңге болған. Kurs.kz-тің мәліметінше, елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 433 – 436 теңгеден сатылып жатыр. Рубль болса, 5,67 -5, 72 теңгеден саудалануда.