Уәлихандық 14 нәзікжанды «Көктем аруы – 2023» байқауында бағын сынады. Бас жүлде Бидайық ауылдық округі Жамбыл ауылынан келген Тұрсынгүл Шаймұратқа бұйырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Уәлихан ауданының орталығы Кішкенекөл аулында «Көктем аруы – 2023» байқауы өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы аудан мектептерінің мұғалімдері, колледж ұстаздары, балабақша тәрбиешілері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. «Байқаудың мақсаты – сұлулықты және салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарды анықтап оларға қолдау көрсету, мәдени және шығармашылық қызметтерін ынталандыру болып табылады. Сайысқа қатысушылар «Сәлем – сөздің атасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Кім жылдам?» және «Сәнді киім өнері» атты 4 тапсырманы орындады. Соңғысында, арулар өздері тіккен көйлектерін киіп сахнаға шықты. Бұдан бөлек, қыз-келіншектер үйлерінен қазақтың ұлттық тағамын дайындап алып келді. Бізде, талантты, өнерлі жастардың көп екендігіне тағы д