Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 1500-нан астам адам есепте тұр

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Күзет басқармасына 78 полиция қызметкері керек. Оған 35 жасқа дейінгі орта, кәсіби не жоғары білімі бар азаматтар орналаса алады. Алғашқы 2 айда даярлық курстары өткізіледі. Оның өзінде қызметкерлерге 106 мың теңге көлемінде жалақы төленбек. Кейін еңбекақы мөлшері ақырындап өседі. Бұған қоса, тұрғын үй төлемдері де беріледі, әр отбасы мүшесіне – 42 мың теңге. Жұмысқа тұрған азамат келешекте несиеге баспана алса, оған да қаржылай қолдау көрсетіледі. «Сонымен қатар, бізде есепшінің вакансиясы бар. Кадр бөлімінің инспекторы да қажет. Сағат 11-ден бері 70 адам келіп кетті. Әскерден оралған жастар көбінесе полиция мамандығына қызығушылық танытуда», – дейді СҚО МКҚБ КСБ бастығы Азамат Қожасов. Жұмысқа тұрамын деушілер тізімге енгізіледі. Бұдан соң комиссиядан өтуге жолдама беріледі. Одан өтсе, қызметке тұра алады. Жалпы, бұл биылдыққа қалада өткізіліп жатқан 4-ші

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Күзет басқармасына 78 полиция қызметкері керек. Оған 35 жасқа дейінгі орта, кәсіби не жоғары білімі бар азаматтар орналаса алады. Алғашқы 2 айда даярлық курстары өткізіледі. Оның өзінде қызметкерлерге 106 мың теңге көлемінде жалақы төленбек. Кейін еңбекақы мөлшері ақырындап өседі. Бұған қоса, тұрғын үй төлемдері де беріледі, әр отбасы мүшесіне – 42 мың теңге. Жұмысқа тұрған азамат келешекте несиеге баспана алса, оған да қаржылай қолдау көрсетіледі.

«Сонымен қатар, бізде есепшінің вакансиясы бар. Кадр бөлімінің инспекторы да қажет. Сағат 11-ден бері 70 адам келіп кетті. Әскерден оралған жастар көбінесе полиция мамандығына қызығушылық танытуда», – дейді СҚО МКҚБ КСБ бастығы Азамат Қожасов.

Жұмысқа тұрамын деушілер тізімге енгізіледі. Бұдан соң комиссиядан өтуге жолдама беріледі. Одан өтсе, қызметке тұра алады. Жалпы, бұл биылдыққа қалада өткізіліп жатқан 4-ші осындай жәрмеңке.

«Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 1500-нан астам адам есепте тұр. Осы ретте айта кетсем, бізде медицина саласында мамандар тапшы. Өндіріс ошақтарына да қызметкерлер керек. Сондай-ақ, есепші және құрылысшылар да жетіспейді», – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы Гүлмира Исмаилова.
-2