Ел бойынша «Көктем» командалық-штабтық жаттығулары басталды. Оның басты мақсаты – 2023 жылғы су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою және іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету жөніндегі Штаб Қарағанды қаласында орналасқан. Петропавлда да жауапты ведомстволардың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шара «Жас өркен» ықшам ауданынан бастау алды. Жиынға 350-ден астам арнайы техника мен 850-ге жуық адам қатысты. Шұғыл шара барысында негізінен, қар тазалау жұмыстарына екпін берілді. «Наурыз айының 2-сі мен 3-і аралығында барлық техникалық ресурстарды елді мекендердергі қарды тазалауға жұмылдырамыз. Облысымызда су басу қаупі жоғары 42 ауыл бар. Олардың басым бөлігі Қызылжар, Есіл аудандарында орналасқан», – деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов. Жалпы, бүгінгі күнге дейін Петропавлдан 300 мың текше метр қар қала сыртына шығарылған. Күн кү
СҚО-да «Көктем-2023» республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті
2 марта 20232 мар 2023
1
~1 мин