Найти тему
Qazaqstan Media

Петропавлда жасөспірімдер қоғамдық көліктерде жеңілдікпен қатынай алады

Наурыз айынан бастап облыс орталығында 15 және 18 жастағы жасөспірімдер қалаішілік автобустарда жеңілдікпен жүре алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін 7 мен 15 жастағы 22 мыңнан астам оқушы мұндай жеңілдікті қолданып жүрді. Енді бұл тізімге тағы 3 мыңнан астам жасөспірім қосылып отыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, автобустарда 50% жеңілдікпен жүру үшін баланың өзімен бірге жасын растайтын құжаты не болмаса жол картасын сатып алуы тиіс. Бірақ қолма-қол төлем жасалса – 65, егер жол жүру ақысын картамен өтесе- 40 теңге төлейді. Жалпы Петропавлда қоғамдық көлікте 9,5 мыңнан астам тұрғын тегін қатынай алады. Алайда, оның 4 мыңы ғана жол картасын алған.