99 мыңнан астам солтүстікқазақстандық МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Нәтижесінде медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша біздің облыста 434 556 адам сақтандырылған. Бұл облыс халқының жалпы санының 81,4%-ын құрайды. Ал 99 мыңнан астам солтүстікқазақстандық сақтандырылмаған екен. Оның басым бөлігі – қала тұрғындары. Осы себептен 46 мыңнан астам петропавлдық МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алмай отыр. Осы ретте айта кетейік, биылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жүйесінде өзгерістер орын алды. «2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіш өзгергені баршаға мәлім. МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар мөлшері міндетті медициналық сақтандыру туралы заңда бекітілді, олар да жаңа жылда өзгеріссіз қалды. Алайда, АЕК және ең төменгі жалақы сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштердің ұлғаюына байланысты тәуелсіз төлеушілер мен же