Қаруланып 3 оқушыны жарақаттаған баланы тоқтатқан 2 жасөспірімге ҚР Қорғаныс Министрлігінен алғыс хат табыс етілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 13-і Петропавл қаласындағы №4-ші орта мектепте оқыс оқиға орын алған болатын. 15 жасар бала балта және пышақпен қаруланып, 3 оқушыны жарақаттады. Сол кезде болып жатқан жағдайды көріп қалған 9-шы сынып оқушысы Нұрислам Сандыбай мен 10-шы сынып оқушысы Алдияр Нұртаев қатарластарына шабуылдап жатқан баланы тоқтатып, қолындағы қаруын тартып алды. Қауіпті сәтте еш ойланбастан ерлік көрсеткен жасөспірімдерге бүгін ҚР Қорғаныс Министрлігінен алғыс хат табыс етілді. «Мектепке келіп, сөмкемді сыныпта қалдырдым. Кейін дәлізге шығып, достарыммен әңгімелесіп тұрдым. Бір кезде қасымыздан толстовка мен маска киген, қолында пышақ пен балтасы бар бала жүгіріп өтті. Оған қарсы бір қыз келе жатқан еді. Басында бұл ойын шығар деп ойлап қалып, мән бермедік. Алайда, маска киген бала қызды ұра бастағанда, көмектесу ке
Ерлік көрсеткен 2 петропавлдық жасөспірімге ҚР Қорғаныс Министрлігі алғыс хат табыс етті
2 марта 20232 мар 2023
1 мин