Найти тему
Qazaqstan Media

Қазақстанда алкогольді сусындарға деген сұраныс артқан

Өткен жылы елімізде алкогольді сусындар сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақстандық дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Energyprom.kz ресурсы жүргізген сараптамаға сай, өсім негізінен арақ пен арақ-ликер өнімдерінің саудасы есебінен пайда болған (44,2 миллион литрден 90,1 миллион литрге дейін).

«Спирт сатылымы да өсті, бірақ салыстырмалы түрде көп емес: 29,3 млн литр (68,1% көбейген). Сондай-ақ, коньяк сатылымы да көбейді: 20,5 млн литрден 73,5% артқан. Күшті спирттік ішімдіктер сатылымы көбейгенде, басқа алкоголь түрлеріне айтарлықтай сұраныс болмаған. Былтыр шарап 26,9%, шампан — 28%, сыра — 1,9% аз сатылды», – делінген сараптамада.

Алкогольге деген сұраныстың осылай күрт артуының себебі де түсіндірілген. Яғни, елде қазақстандықтарға қарағанда көбірек ішетіндердің саны күрт көбейген. Оны Energyprom.kz ресурсы Қазақстанға екі толқынмен үдере көшкен ресейліктердің келуімен байланыстырады. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есеге жуық көп ішеді (жан басына шаққанда).