Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыстық әкімдікте аппараттық жиын өтті. Жиын барысында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолға алынған іс шаралар талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін ветеринарлық қызмет кешенді іс-шараларды қолға алды. Биыл төрт түлік пен құсқа түрлі ауруларға қарсы 5 млннан астам екпе егілмек. Бұдан бөлек, ветеринария саласында кадр жетіспеушілігі мәселесі өзекті. Қазіргі таңда 70 қызметкердің орны бос. Сондықтан мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ал СҚО мен Ресейдің шекарасында 4 ветеринарлық-бақылау бекеті орналасқан. «Басқа облыстан малдар әкелініп жатыр. Соны дұрыстап бақылауда ұстау қажет. Бүкіл аудан әкімдері тыңдап отыр. Тағы да өздеріңіз жұмыс жүргізу керексіздер. Басқа облыстан, басқа мемлекеттен әкелінген малды карантинге қойып, тексеріп алып, нәтижесін білгеннен кейін ғана есепке алыңыздар»,-дед
СҚО-да биыл малға түрлі ауруға қарсы 5 млннан астам екпе егілмек
13 марта 202313 мар 2023
1 мин