Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінде өз ісіне адал, заңдылық пен әділдікті басты қағидат еткен кәсіби мамандар қызмет етеді. Солардың бірі тергеуші Алтынбек Нұрсаулет Алтынбекұлы. Нұрсаулет Алтынбек құқық қорғау саласында еңбек етіп, экономикалық қылмыстармен күресуде тәжірибесін арттырып келеді. Ол Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құқықтану мамандығын бітірген. Өз қызмет жолын Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында статист ретінде бастап, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясында білімін жетілдірді. Өз қызметінде жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, Агенттік төрағасы тарапынан «Үздік тергеуші» марапатына ие болды. "Тергеуші болу тек кәсіп емес, бұл әділдік жолындағы үлкен жауапкершілік. Біздің басты мақсатымыз қаржылық қылмыстармен күресу арқылы елдің экономикалық тұрақтылығын қорғау, қоғамға адал қызмет ету. Бұл мара