Найти в Дзене

Не себепті Сипай көтерілісі жеңіліске ұшырады?

1857-1859 жж. Үндістандағы ағылшын отаршылдарына қарсы күрес - Үндістан тарихында алғашқы ұлт-азаттық көтеріліс деп жазылған белгілі. Бұл көтеріліс уақытында Үндістан қоғамы ұлтаралық, дінаралық келіспеушілікті тоқтатып, ұлттық бірігуге қадам жасады. Бірақ көтеріліс негізгі ұйымдастырушылар бола тұра, ұлттық келісімге шақырған қадамдары бола тұрса жеңіліске ұшырады. Бұған себеп: 1. Көтеріліс тек Үндістанның солтүстігін қамтыды. Ал Үндістанның оңтүстігі көтерілісті қолдамады. 2. Көтерілісшілердің ағылшындарға қарсы тұрарлықтай қаруы болмады. 3. Көтерілісшілердің әртүрлі ұлттық топтар мен діни топтардан тұруы - ымыраға келуге кедергі келтірді. 4. Көтеріліс аумағын ағылшындар қоршап, шектеуі - сырттан келуі мүмкін көмекті не көтеріліс аумағын кеңейтуге кедергі келтірді. 5. Сипай көтерілісін қолдаған гуркалар мен маратхалар билікті мұсылмандарға беруге мүдделі болмады. Гуркалар, маратхалар, сикхілер, мұсылмандар арасында қақтығыстар жүріп, көтерілісті әлсіретті. Ағылшындардың көтеріліс айм

1857-1859 жж. Үндістандағы ағылшын отаршылдарына қарсы күрес - Үндістан тарихында алғашқы ұлт-азаттық көтеріліс деп жазылған белгілі.

Бұл көтеріліс уақытында Үндістан қоғамы ұлтаралық, дінаралық келіспеушілікті тоқтатып, ұлттық бірігуге қадам жасады.

  • Көтерілісшілер уақытша болса да ағылшындар жойған Ұлы Моғол мемлекетін қалпына келтіріп, Тәуелсіздікті қайта қалпына келтірді.

Бірақ көтеріліс негізгі ұйымдастырушылар бола тұра, ұлттық келісімге шақырған қадамдары бола тұрса жеңіліске ұшырады.

Бұған себеп:

1. Көтеріліс тек Үндістанның солтүстігін қамтыды. Ал Үндістанның оңтүстігі көтерілісті қолдамады.

2. Көтерілісшілердің ағылшындарға қарсы тұрарлықтай қаруы болмады.

3. Көтерілісшілердің әртүрлі ұлттық топтар мен діни топтардан тұруы - ымыраға келуге кедергі келтірді.

4. Көтеріліс аумағын ағылшындар қоршап, шектеуі - сырттан келуі мүмкін көмекті не көтеріліс аумағын кеңейтуге кедергі келтірді.

5. Сипай көтерілісін қолдаған гуркалар мен маратхалар билікті мұсылмандарға беруге мүдделі болмады. Гуркалар, маратхалар, сикхілер, мұсылмандар арасында қақтығыстар жүріп, көтерілісті әлсіретті.

Ағылшындардың көтеріліс аймақтарында қатаң билік орнатып, қысымды күшейтіп, көтерілісшілерді аяусыз жазалау әрекеті көтеріліске қосылуға ниет білдірушілердің санын біраз шектеді.

Бұл көтерілісте Лакшми Бай есімді үнді патшайымы үлкен ерлік жасап қаза тапты. 30 жастағы патшайымның шайқаста ерлікпен қаза табуын әлікүнге дейін Үндістанда үлкен құрметпен айтылады

Сурет ғаламтордан алынды