Ретке келгендей шешілген этникалық жанжалдардың бірі Ұлыбритания қарамағындағы Солтүстік Ирландия немесе Ольстер мәселесі. Бұл аймақта негізінен ирландықтар тұрғанымен христиан дінінің екі бағытын ұстанады (католик және протестант). Ирландықтар қоса тұрғылықты халық есебінде ағылшындар мен шотландықтарда қоныстанған. Жанжалдың түптөркіні тұтас Ирландия аралының ағылшындардың отарына айнала бастаған кезден басталады. Ағылшын отаршылдығына қарсы ұзақ қарсыласқан халықтардың бірі осы ирландықтар. Ирландықтар ағылшындықтарға қарсы 300 жылдық қарсыласуының нәтижесінде 1922 жылы өздерінің Тәуелсіздігін жариялап, Егемен мемлекет құрған болатын. 1919 жылдан бері тұтас Ирландияны ағылшын езгісінен азат етуді жоспарлаған ұйымдар мен Ирланд Республикалық Армиясы аталған әскери ұйымы солтүстік аймақтардың Ұлыбритания құрамында қалып қоюын мойындамай, өздерінің астыртын әрекетін Солтүстік Ирландия аймағында жалғастырған болатын. Солтүстік Ирландияның католиктер бөлігі жергілікті жердегі ағылшын әкі
Этникалық жанжалдар. Ольстер мәселесі
15 декабря 202415 дек 2024
3
3 мин