Найти в Дзене

Ұлттардың пайда болуы жәйлі Л. Гумилев теориясының артықшылығы мен кемшілігі

Пассионарлық деп аталған Л. Гумилев негіздеген теория ХХ ғасырдың аяғында КСРО-да пайда болған. Лев Гумилев өзінің теориясын негіздеуде В. вернадскийдің көзқарасын өз теориясына кіріктірген. Лев Гумилев теориясының басқа теориялардан қарағанда басты ерекшелігі жеке тұлғаға басты назар аударады. Ұлтты қалыптастырушы жеке тұлға деп қарастырады. Осы көзқарасымен конструктивистер көзқарасымен жақындайды. Бірақ конструктивистік теориядағы ұлтты жасаушы зиялы тұлғалар дегеннен қарағанда Лев Гумилев теориясы бір ғана тұлғаға басты назар аударады. Лев Гумилев теориясындағы ұлтты жасаушы әлбетте саяси билікке патша не әскери ықпалды азамат болып табылады. И. Сталин, Наполеон. Жанна д Арк, Шыңғысхан, Мөде, Батыр қонтайшы, Ганнибал сияқты. Әлбетте, Лев Гумилев теориясындағы ұлтты оятушы пассионарлық тұлғаға этникалық қауымдастық мекендеген ортада әсер етеді деп түсіндіреді. Егер этникалық қауымдастық мекендеген ортада пассионарлық тұлғаға ұлтты жасаушы қадамдарға итермелемесе - жеке дара тұлғаның

Пассионарлық деп аталған Л. Гумилев негіздеген теория ХХ ғасырдың аяғында КСРО-да пайда болған. Лев Гумилев өзінің теориясын негіздеуде В. вернадскийдің көзқарасын өз теориясына кіріктірген.

Лев Гумилев теориясының басқа теориялардан қарағанда басты ерекшелігі жеке тұлғаға басты назар аударады. Ұлтты қалыптастырушы жеке тұлға деп қарастырады. Осы көзқарасымен конструктивистер көзқарасымен жақындайды. Бірақ конструктивистік теориядағы ұлтты жасаушы зиялы тұлғалар дегеннен қарағанда Лев Гумилев теориясы бір ғана тұлғаға басты назар аударады. Лев Гумилев теориясындағы ұлтты жасаушы әлбетте саяси билікке патша не әскери ықпалды азамат болып табылады. И. Сталин, Наполеон. Жанна д Арк, Шыңғысхан, Мөде, Батыр қонтайшы, Ганнибал сияқты.

Әлбетте, Лев Гумилев теориясындағы ұлтты оятушы пассионарлық тұлғаға этникалық қауымдастық мекендеген ортада әсер етеді деп түсіндіреді. Егер этникалық қауымдастық мекендеген ортада пассионарлық тұлғаға ұлтты жасаушы қадамдарға итермелемесе - жеке дара тұлғаның әрекеті пайдасыз болады дейді.

Лев Гумилевтің ұлтты жасаушы пассионарлық теориясы - жер жүзінде пайда болған ұлттарға өмір сүруіне санаулы уақыт ғана береді. Пайда болатын және пайда болатын ұлттарды атаулы аймақтарға бекітпейді. Ұлттардың өз мекенін ауыстырып тұруын құптайды. Бұл тұжырымымен пассионарлық теория этникалық қауымдастықтар мен ұлттардың бірізді дамуын жоққа шығарады. Ұлттардың діни тұрғыда бір жерді меншіктеп алуын не мекендеп қалуын қабылдамайды.

Этникалық қауымдастықты тоқыраудан алып шығатын жеке адамның ерік жігері дейді.

Яғни, бытыраңқы моңғолдарды саяси тоқыраудан алып шығып, жаңа бір деңгейге шығарған - Шыңғыс хан пассионар тұлға.

Ұлы француз революциясы тудырған саяси берекесіздік жағдайынан алып шығып, француздарға империялық сана сездіре білген Наполеон пассионар тұлға.

Кеңес халқын соқа деңгейінде қабылдап, атом бомбасы қаруына жеткізген И. Сталин пассионар тұлға.

Ағылшын басқыншыларына қарсы француздардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, мемлекеттілікті қайта қалпына келтірген 17 жастағы Жанна д Арк пассионар тұлға.

Иә, пассионар тұлғаларды санай берсек біраз тізім шыға келетіндігі белгілі.

Алайда, пассионарлық теория - ұлт жасаушы тұлғаның әрекетіне баға бермей, оның нәтижелі ісіне ғана баға береді.

Ұлт деңгейіне жету үшін этникалық қауымдастық сыртқы қысымды көріп, ішкі тұрақсыздықты бастан кешіру керек. Әйтпесе пассионар тұлға пайда болмайды. Ұлтта қалыптаспайды дейді.

Ұлт қалыптастырушы аймаққа атмосфералық не ғарыштық әсер етушілік болу керек делінеді.

Бұған Моңғолия аймағында түрлі кезеңдерде қалыптасқан Ғұн, Түрік, Моңғол империялары мен Жоңғар мемлекеті мысалға алынады.

Ұлт болып қалыптасып келе жатқан этникалық қауымдастық не бірлестікке - ұлт болып қалыптасу үшін бірнеше кезеңнен өтуі керек делінеді. Ол кезеңдерден өтпей ұлт қалыптасйпайды дейді. Ұлылық кезеңін жоғалтқан халықта - өз ұлылығын қалпына келтіруге мүмкіндігі бар. Алайда ұлылығына ұмтылған ұлттта бірнеше кезеңді қайта өткізу керек. Ұлтқа - ұлылығын сездіретін не алып келетін пассионар тұлға дейді.

Лев Гумилев өз теориясын Еуразия құрлығында әсіресе Азия бойындағы қоныстанған халықтар тарихын зерттей отырып ұсынған болған Африкадағы не Америка құрлығындағы қалыптасқан ұлттар тарихын зерттеуге келе бермейді

-2

-3

Суреттер ғаламтордан алынды