Таяуда Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірді. Білім ордасына басып кірген қарулы 17 адамды оққа байлады. Қанды оқиғаға не себеп? Қазақстан көрші елдегі жағдайдан қандай сабақ алуға тиіс?
Ижевск трагедиясы Ресей тарихындағы мектепке жасалған алғашқы шабуыл емес. Дәл осындай оқиға соңғы 5 жылда 5 рет тіркеліпті. 2018 жылы Қырымдағы политехника колледжінде, 2021 жылы Қазан қаласында, сол қыркүйегінде Пермьде, қазан айында Пермь маңындағы Сарс кентінде білім ордаларына қарулы шабуыл жасалып, 36 адам оққа ұшты.
Осыған ұқсас трагедиялар өзге елдерде де жиілеп барады. Мысалы, биыл АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалди қаласында Сальвадор Ромас есімді 18 жастағы бозбала 18 оқушы мен 3 ұстазды атып тастады. Бұл қайғылы оқиғаға байланысты елде қаралы күн жарияланды.
Вахтер емес, күзет агенттігі күзетуі керек
Биылғы оқу жылының басындағы ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда барлығы 7637 орта мектеп бар. Жергілікті әкімдіктер 7 386 мектепке камера, 1212 білім ордасына стационарлық «дабыл түймесін» қойған.
Елордадағы, республикалық маңыз бар қалалар мен облыс орталықтарындағы мектептердің камералары полция бөлімдеріндегі жедел басқару орталықтарымен тікелей байланысты. Балалар буллингке ұшыраса немесе төбелесіп қалса, мамандар монитордан бірден байқайды.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ижевсктегі оқиғадан сабақ алу керектігін айтты. Оның пікірінше, бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанымен, шешілмеген проблемалар әлі де жеткілікті.
Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме
#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz