Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Qogam-media

Жаңа туған қозыларды сақтап қалудың оңтайлы тәсілдері

Бұған дейін материалымызда қой төлдетуге қатысты бірқатар құнды ақпаратты бөліскен едік. Бұл жолы біз жаңа туған қой төлдері мен саулықтарға дұрыс күтім жасаудың алғышарттарына тоқталмақпыз. Қойдың жас төлдері туғанынан бастап өте көп күтімді қажет етеді. Мықты, дені сау жас төлдер түшкіру арқылы мұрнын және аузын жалқаяқтан өзі тазалап алады. Ал әлсіздері оған қауқарлы емес. Сол себепті әлсіз қозылар тұншығып қалмас үшін, оларға көмек көрсету қажет болады. Ол үшін туа сала қозының танауын жалқаяқтан таза орамалмен немесе балғын сабанмен тазартып, аузын ашып, оған ауа кіргізеді. Егер бұл көмектеспесе, онда жаанды тыныстындару арқылы көмек береді. Бұл үшін қозыны шалқасынан жатқызып, алдыңғы сирақтарынан алға тартып, қайта кеудесіне қарай бүгу қажет. Туғаннан кейін әдетте қозының кіндігі өзі үзіледі, қажет болған жағдайда оны қарыннан 8-10 см болатындай кесіп, йод ерітіндісімен немесе 5 пайыздық креолин ерітіндісімен күйдіру қажет. Қозы туғаннан кейін тезірек кеуіп, енесі жалағаны өте м

Бұған дейін материалымызда қой төлдетуге қатысты бірқатар құнды ақпаратты бөліскен едік. Бұл жолы біз жаңа туған қой төлдері мен саулықтарға дұрыс күтім жасаудың алғышарттарына тоқталмақпыз.

Қойдың жас төлдері туғанынан бастап өте көп күтімді қажет етеді. Мықты, дені сау жас төлдер түшкіру арқылы мұрнын және аузын жалқаяқтан өзі тазалап алады. Ал әлсіздері оған қауқарлы емес. Сол себепті әлсіз қозылар тұншығып қалмас үшін, оларға көмек көрсету қажет болады. Ол үшін туа сала қозының танауын жалқаяқтан таза орамалмен немесе балғын сабанмен тазартып, аузын ашып, оған ауа кіргізеді. Егер бұл көмектеспесе, онда жаанды тыныстындару арқылы көмек береді. Бұл үшін қозыны шалқасынан жатқызып, алдыңғы сирақтарынан алға тартып, қайта кеудесіне қарай бүгу қажет.

Туғаннан кейін әдетте қозының кіндігі өзі үзіледі, қажет болған жағдайда оны қарыннан 8-10 см болатындай кесіп, йод ерітіндісімен немесе 5 пайыздық креолин ерітіндісімен күйдіру қажет.

Қозы туғаннан кейін тезірек кеуіп, енесі жалағаны өте маңызды процесс. Енесінің жаңа туған төлін жалауы екі себеппен маңызды:

Біріншіден, бұл массаж түрінде пайдалы. Сол арқылы қан айналым жақсырып, қозы жылынып, кебеді. Екіншіден, саулық өзінің төлін жалау арқылы алдағы уақытта оның иісін алып, оны басқа қозылардан айыра алады.

Қозыларды жылыту үшін еденнен 100-110 см биіктікте орналастырылатын сәулелі лампалар қоды. Олар 1,5 м диаметрінде қолайлы климат тудырады.

Ультрафиолет сәулелер қозылардың салмағының өсуіне септігін тигізеді, сонымен бірге қозылар ағзасындағы гемоглабиннің мөлшеріне, формалық элементтерге, қандағы сілтілік қорға, ағзадағы фосфор-калий сүзінділерінің түзілуіне жақсы әсер етеді.

Жалғасы біздің веб-сайтта

#agroqogamkz #agro #agronews