Ірімшік жасау ісі бүгінде Қазақстанда толық жолға қойылмаған, кәсіби тұрғыда меңгерілмеген кәсіптердің бірі. Барлық талаптарға сай, халықаралық ірімшік түрлерінің бірсыпырасын шығарумен айналысатын шағын кәсіпкер Наталья Новикова бұл күрделі кәсіпке қалай келгенін, бұл салада қандай проблемалар барын айтып берді, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Еліміздезі ең ірі мегаполиске таза ірімшік жасау ісімен айналысатын кәсіп иелері көп емес. Солардың бірі Наталья Новикова. Ол бес жылдан бері осы кәсіптің қыр-сырын үйреніп, бүгінге кәсіби сыр жсаушыға айналған. Қызығушылықтан кәсіпке айналған ірімшік жасау ісін ол жанындай сүйеді. Сол үшін, кәсіптің айтарлықтай пайдасы болмаса да, ірімшік жасауды тастамаймын дейді.
«Бұдан бес жыл бұрын бір шеберлік сыныбына бардым. Онда фермерский, халуми сынды ірімшік түрлерін жасауды үйретт. Ірімшік жасаушы дегустацияға өз өнімдерін әкелді. Олардың дәмі керемет еді. Мен сонда біздің қандай ірімшік жеп жүргенімізді түсіндім. Осылайша, мен бұл күрделі процесске қалай кіріп кеткенімді білмеймін», – дейді Наталья.
Айтуынша, ол елге пайдалы болатын істі қолға алуды бұрынан армандапты. Ал ірімшік жасау нағыз сондай кәсіптің бір, дейді әйел.
«Ірімшік жасаушы деген – сүтті қабылдаудан бастап, дайын өнім жасап шыққанша дамыл таппайтын адам. Оны сүттен жасайды. Өзінің кезеңдері бар.
Әр кезеңнің бүге-шүгесі өте көп. Яғни, өте қиын кәсіп. Ірімшіктің қышқылдығын, майлылығын, пісуін қадағалау керек», – деп бөлісті ол.
Натальяның шағын цехы күніне 300 литрге дейін сүтті өңдейді. Төрт мәрте ірімшік қайнатады. Ал сүтті 300 теңгеден Алматы облысының фермерлерінен сатып алады. Айтуынша, сапалы, таза сүт сатып алатын жер жоқ. Сапалы сүт сатады деген сатушылардың өзінде сүтті мұздататын мүмкіндік жоқ, дейді ол.
Жалғасы біздің веб-сайтта
#agroqogamkz #agro #agronews